Қазақстан тау-кен өңдеуші елдер ішінде инвестиция құюға тартымды мемлекеттердің алғашқы жиырмалығына енді. Бүгін, елордада басталған «Майнэкс Қазақстан-2019» форумында осы ақпарат жария болды. Өткен жылдың өзінде Қазақстан 46 жаңа кен орнын игеруге рұқсат берген. Қазіргі таңда ол жерді шетелдік инвесторлар игеріп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бүгінгі күні ішкі жалпы өнімнің 24%-ын осы тау-кен металлургиясынан түскен табыс құрайды.
Источник: «ҚАЗАҚСТАН» РТРК»